|
|
|




|

|
Вернуться назад. | Перейти в русскую версию.
Қазіргі заманғы өнер мұражайы (бұрынғы ақмолалық облыстық бейнелеу өнерлері музейі) 1980 жылдың 2 қарашасында, Тың және тыңайған жерлерді игерудің 25-жылдық құрметіне кең жұршылыққа есігін айқара ашты. Мұражайдың коллекциясын Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматыда өткен «Жер және адамдар» Бүкілодақтық көрмесінен біздің қаламызға тапсырған 500 шығармалар қалыптастырды. 33 жылда мұражай коллекциясы суретшілерден сатып алынған жұмыстардан, Көркемсурет көрмелері дирекциясының теңгерімінен теңгерімге өткізілген жұмыстардан және суретшілер мен коллекционерлердің сыйлаған жұмыстарынан әжептеуір толықты.
Бүгінгі күні мұражай коллекциясы Қазақстан,Ресей және ынтымақтас елдердің бейнелеу өнері шеберлерінің 4000 жуық шығармаларын құрайды.
Мұражай коллекциясында бейнелеу өнерінің барлық жанрлары,түрлі тақырыптағы,техникадағы шығармалар бар.
Мұражай қызметкерлері суретшілердің шығармаларын және шығармашылығын зерттеуде кең ауқымда ғылыми жұмыстар жүргізуде. Осы жұмыстардың нәтижесі қысқа ғылыми каталогтар шығаруға ұласты: «Астана қаласы Қазіргі заманғы өнер мұражайының жинағындағы Ресейлік коллекция» және « Қазақстан бейнелеу өнері». Бұдан әрі «ТМД елдерінің өнері» және мұражайдың барлық жинағының ғылыми каталогын баспадан шығару жоспарда тұр.
Жыл майын мұражай 70 астам тұрақты және шет жақта көрмелер ұйымдастырады. Атаулы және мерекелік күндерге тақырыпты көрмелер,шығармашылық кештер өткізіледі. Экскурсиялық қызметпен 10 000 жуық адам қамтылған, экскурсиялар саны 700 жетті. Лекциямен 2000 мыңнан астам қамтылған. Өнер туралы бейнефильмдер көрсетіледі, Қазақстан өнері, бейнелеу өнерінің негіздері, теориясы және тарихы туралы лекциялар циклы ұсынылады. Шебер-сыныптар және шығармашылық кездесулер өткізіледі. Орташа алғанда 2000 жуық іс-шаралар, консультациялар өткізіледі. Жыл сайын мұражайға 80000 жуық адам келеді.
Мұражайдың білім ағарту қызметі барлық жастағы топтарды қамтиды.Мұражайдың жанында 3-9 жастағы балаларға арналған «Түрлі-түсті әліппе» Мектеп-студиясы жұмыс істейді. Кішкентай балалардың өнерді қабылдауының теңдессіз тәсілі балалар бақшалары мен бастауыш сыныптың оқушыларына жүргізіледі.
Мұражайда бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Мұражайға төлем ақысыз кіру құқығы соғыс ардагерлерінде,мүгедектерде,балалар үйлерінің балаларында, жауынгерлерде бар, зейнеткелерге 50 % жеңілдіктер қарастырылған.
Мұражай күнде жұмыс істейді / дүйсенбіден басқа/ сағ.10.00 - 19.00-ге дейін.
kz
|
|
|